Әлемдегі ең қарт миллиардер 101 жасында көз жұмды
Опубликовано:
Әлемдегі ең қарт миллиардер қайтыс болды. Дэвид Рокфеллер 101 жасында Нью-Йорк қаласында көз жұмған деп хабарлайды rbc.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.
Дэвид Рокфеллер Американың ең алғашқы миллиардері, Standard Oil негізін қалаушы Джон Рокфеллердің немересі.
Ол екі жарым айдан соң 102 жасқа толатын еді. Дэвид Рокфеллер Forbes жариялаған миллиардерлер рейтингінде 3,3 млрд доллармен 581-орынға тұрақтаған.
Рейтингті түзушілер оны жер жүзіндегі ең қарт миллиардер деп атаған.
Рокфеллер 2010 жылы Билл Гейтс, Уоррен Баффеттермен бірге байлығының 50 пайызын The Giving Pledge деп аталатын қайырымдылық кампаниясына жұмсаған.
Дэвид қайырымдылыққа көп қаржы бөлген миллиардерлердің бірі ретінде танымал. Ол жалпы есебі 900 млн доллар қаражатын қайырымдылық шараларына бөлген.
Тағы оқыңыздар:
Мектептегі жарылыстан көз жұмған шымкенттік мұғалімнің отбасы аянышты халде өмір сүріп жатыр
Жағаға шығып қалған су перісінің қаңқасы көпшілікті шошытты (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1444758-alemdegi-enh-qart-milliarder-101-zhasynda/