Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдегі ең кедей президент туралы не білеміз?

Опубликовано:

Хосе Альберто Мухика Кордано – Уругвай мемлекетінің басшысы. Оның өмір сүру стилі өзге ел президенттерінен өзгеше деп жазады Ikerim.kz.

 

78 жастағы Эль Пепе (жергілікті тұрғындар оны осылай атайды) өзінің барлық табысын толығымен қайырымдылыққа жұмсайды екен. Нәтижесінде ол әлемдегі ең кедей, ең жомарт елбасы аталып кетті.

Президент айына 263 000 песо (уругвай валютасы) айлық алады. Содан өзіне тек 23 300 песо қалдырады екен.

Сондай-ақ, ол кең сарайдан бас тартып, қазір қарапайым ауылдағы бір үйде тұрып жатыр. Тұрмысқа қажетті суды ауладағы құдықтан алады. Жарымен бірге қарапайым жұмыстармен айналысады, үй ауласына ағаш егіп, гүл отырғызып, соларды күтіп-баптайды.

Хосе Мухика партизан қозғалысының қатысушысы болған, бірнеше жарақат алған және 14 жылын әскери түрмеде өткізген. Оның президент болғалы алған ең қымбат дүниесі – 1987 жылы жасалған «Фольксваген Жук» автокөлігі. Құны - $1945.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар: 

Ұлттық құрамада Данияр Елеусіновтің орнын кім басады?

Ақтөбеде тасқыннан жапа шеккендерге арналған есепшот ашылды

Павлодарлық тәртіп сақшысы үш адамды өлімнен құтқарып қалды (фото)

Қазақстандық танымал боксшы спорттық киімдер топтамасын шығара бастады (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1468602-alemdegi-enh-kedey-prezident-turaly-ne/

pixel