Медреседе оқитын бала сыныптастарының қорлығына шыдамай, қашып кетті (фото)
Опубликовано:
Қырғызстанның Тоқмақ қаласында сыныптастарының қорлығына шыдамаған жеткіншек медреседен қашып кетті. Бұл туралы NUR.KZ порталы Zanoza.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
"Медреседен қашқан ұлымды соққыға жығып отырған. Ол жерде әскердегідей әлімжеттік бар", - дейді Марлен Алтынбаевтың анасы.
Оның айтуынша, ұлы әкесімен бірге Тоқмақта тұрады. Күйеуімен ажырасып, бөлек шығып кеткен әйел ұлын медрсеге әкесі бергенін алға тартты.
"Менің бұрынғы күйеуім намаз оқиды. Сол себепті, ұлымызды медресеге беруді ұйғарды. Марлен жақсы оқитын. Алайда төртінші сәуір күні ол жоғалып кетті. Ол кетерде сыныптастарының соққысы мен қорлықтарына шыдай алмағанын жазған хатты досына тастап кетіпті", - дейді Марленнің анасы.
Әйел ұлының қашып кеткенін біле сала, медресеге барған.
"Олар Марленді осы уақытқа дейін соққыға жығып, ақшасын, үстіңгі киімдерін және ұялы телефонын тартып алып отырған. Жоғары сыныптағылар ұлымды әскердегідей ұрып-соққан. Бір сөзбен айтқанда, әлімжеттік. Соққыға жыққан балалар кешірім сұрап отыр. Ал мен тек баламның аман-есен табылғанын қаладым. Марлен досының үйінде аман-есен табылды. Сол себепті, мен уәде еткенімдей, шағымымды кері қайтардым. Марлен өзге балалардың да соққы жеп жүргенін айтты. Алайда олар өзін өлтіріп тастайтынынан қорқып, үнсіз отырған көрінеді", - дейді әйел.
Марленді анасы медреседен алып кеткен. Ал азаматтық белсенді Лера Садығалиева Марленнің соққыға жығылғанын растап, оны балалар темекі шеккені үшін ұрып-соққанын айтуда.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Қазақстан дәрігерлерді оқыту үшін 80 млн қарыз алды
Түркиядағы танымал емханада отаны дәрігерлер емес, роботтар жасайды
Қатерлі ісікке шалдыққан алты баланың анасы лашық үйде күнелтуге мәжбүр
Депутаттар тасқыннан зардап шеккендерге біркүндік табыстарын аудармақшы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1471450-medresede-oqityn-bala-synyptastaryn/