Бейкүнә сәбилердің өмірін жалмаған химиялық шабуыл туралы не білеміз?

Опубликовано:

Төртінші сәуір күні Идлибке жасалған химиялық шабуыл кезінде зарин атты улы зат қолданылғаны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы korrespondent.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Шабуыл кезінде зарин немесе оның аналогы қолданылғанын жүргізілген сараптама нәтижелері көрсеткен. Зерттеу кезінде қаза болғандардың денесінен алынған биомедициналық үлгілер тексерілді.

"Емханада жатқан тағы жеті науқастың денесінен зарин улы заты табылды", - деп мәлімдеді Химиялық қаруға тыйым салатын ұйым.

Еске салсақ, шабуылдан 100 шақты адам мерт болып, олардың 27-і кішкентай балалар екені анықталған.

АҚШ тарабы бұл шабуылға Сирияның билігін кінәлап отыр. Алайда кішкентай балалардың өмірін жалмаған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алуға ешкім асығар емес. Ал биліктің әскерилері оларда химиялық қару мүлде жоқ екенін алға тартып, химиялық шабуылды жасаған деген айыптарды мойындамай отыр.

Айта кетерлігі, химиялық қаруды қолдануға 1993 жылдан бері арнайы конвенциямен тыйым салынған.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Даниал Ахметов аудан әкімдеріне жақсы әкімнің қандай болуы керек екенін түсіндіріп берді

Атыраулық тұрғын хиджаб киіп, сақал қоятындарды қорғап шықты

Белгілі журналист күйеуінің көзіне шөп салғанын ашық айтқан Баянды сынға алды

Балабақшадағы шу: Баланы ұрып, жылатып қойған тағы бір тәрбиеші ел талқысына түсті (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1471591-balalardynh-omirin-zhalmaghan-shabuylda/