Сегіз жасынан тұрмысқа шығатын қыз балалардың ауыр тағдыры (фото)

Опубликовано:

Кенияда сегіз жасынан тұрмысқа шығатын қыз балалардың ауыр тағдыры көпшіліктің назарына ілікті. Бұл туралы NUR.KZ порталы tuko.co.ke сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Кенияда қыз балалар ерте тұрмыс құратыны соншалық, олар тұрмысқа дейінгі өмірін еске түсіре алмайды. Өңірде сегіз жасар қызға 25 жасында үйленген азамат кейін бұл әрекетіне қатты өкінетінін ашық мойындаған болатын.

"Мен сегіз жасар қызға үйленгеніме бүгінде өкінемін", - деген Сэмюэл Килетэй қыз баланың әйелдік міндетін атқармай қойғанын есіне алды. Айтуынша, "жары" әйелдік міндетін атқарудың орнына Масаи ауылындағы өзге балалармен ойнауға кетіп қалған.

"Ол әйелдердің жары алдындағы міндеттерін білмегендіктен, көптеген қиындықтарға тап болдым", - дейді Самюэль Килетей.

Кішкентайынан тұрмыс құрып, бүгінде балалы болып отырған 100-ден астам қыз баланың ауыр тағдыры бұл мәселенің өршіп тұрғанын байқатады. Олардың дені бақытсыз күн кешуде.

Жасы 15-ке жетпей жатып, некелерін қидырған қыз балалар саны толастар емес. Кенияда әрбір төртінші қыз кәмелетке толмай жатып, тұрмыс құрады, ал әйелдердің 21 пайызы сексуалдық зорлыққа ұшырайды.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Бахрейннің бай ханзадасы Қазақстанда естен кетпес жарыс өткізбекші

Ресейлік ғалым: Қазақстан болашағын орыс тілімен байланыстырмайды

Күйеуіне көмектеспек болған атышулы Бергей Рысқалиевтің әйелі дауға қалды

Бірғаным Әйтімова депутаттарды сынағандарды орнына қойды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1471885-segiz-zhasynan-turmysqa-shyghatyn-qyz-ba/