Қызғаншақ әйел күйеуінің әуретті жерін қайшымен қиып тастады

Опубликовано:

Филиппиндегі Илоило қаласында тұратын 32 жастағы Лизель Бетта күйеуі досының әйелімен төсектес болғанына күдіктеніп, оның әуретті жерін қайшымен қиып тастады. Бұл туралы NUR.KZ порталы thesun.co.uk сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

22 сәуір күні Марк жұмыстан кейін достарымен ішуге кетеді. Досының үйінде ұйықтап қалған ол қатты ауырсынудан шошып оянған. Қараса, қызғаншақ әйелі оның әуретті жерін қайшымен қиып жіберіпті.

Бұл жайттан кейін ізін жасырған Лизель ұсталғаннан кейін өз ісіне өкінбейтінін жеткізді.

"Оның әуретті жерін кескеніме өкінбеймін. Бұл - әйелжандылығы үшін лайықты жаза. Өз ісім үшін жауап беруге дайынмын", - дейді ол.

Қан-жоса болған Маркты достары есі шығып, құтқаруға тырысады. Олар оны дереу емханаға жеткізеді. Алайда дәрігерлер ер адамның әуретті жерін қалпына келтіре алмаған.

Ең жанды жерінен айырылған азамат әйелінің үстінен шағым түсірді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы күтіледі

Қазақ мықтыларының Мәскеуде ажал құшуында қандай құпия бар?

"Евровидение" жеңімпазы мұсылмандық жолмен тұрмысқа шықты (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1479225-qyzghanshaq-ayel-kuyeuininh-auretti-zher/