15 млн халқы бар Ыстамбұл кез келген сәтте жермен-жексен болуы мүмкін

Опубликовано:

Ғалымдар 15 млн халқы бар Ыстамбұлдың бірнеше секундта жермен-жексен болатынын болжап отыр. Олар таяуда жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін екенін ескертуде. Бұл туралы NUR.KZ порталы longroom.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зерттеушілер Ыстамбұл қаласында жеті балдан жоғары жер сілкінісі болатынын болжап отыр. Табиғи апаттың жойқын болатыны соншалық, қала бірнеше секундта жермен-жексен болуы мүмкін дейді олар.

Бұл 15 млн халқы бар қала үшін қорқынышты болжам болып отыр. Неміс зерттеу орталығының ғалымы Марко Бонхофф жойқын жер сілкінісі Ыстамбұлдың шығысында күтіліп отырғанын мәлімдеді. Ол болжамы расталса, жер сілкінісі қаланың орталығына айтарлықтай нұқсан келтірмейтінін алға тартты.

Айта кетерлігі, бұл өңірде әр 250 жыл сайын жер сілкінісі болып тұрады. Соңғы рет Ыстамбұлда жеті балдық жер сілкінісі 1894 жылы болған. Ол кезде кемінде 1349 адам қаза тапқан еді.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Алматыда қисайып кеткен үйдің тұрғындары көшірілмейтін болды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының жартысы автобустарға берілмек

Қазақстан оқушылары демалыс күндерінде үй тапсырмасынан босатылмақшы

Назарбаев Бас прокурордың бірінші орынбасары Меркельді қызметінен босатты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1496379-15-mln-khalqy-bar-ystambul-kez-kelgen-sat/