Ота жасау үстінде жаға жыртысқан хирургтар ұятқа қалды (видео)
Опубликовано:
Қытайда хирургтар ота жасау кезінде жаға жыртысты. Олардың төбелесінің видеосы желіде тарап кетті деп хабарлайды Shanghaiist сайтына сілтеме жасап NUR.KZ
Кадрда ота бөлмесінде қос хирургтың бір-біріне жұдырық ала жүгіргені анық көрінеді.
Басылымның хабарлауынша, оқиға Хэнань провинциясының Ланькао уезінде орын алған.
Төбелес әйел мен ер адамның арасында болған. Бірінші болып соққыны әйел адам жасайды, өз кезегінде ер адам оған жауапты соққы қайтарды.
Бұл оқиғаға қатысты полиция тергеу жүргізіп жатыр. Офицерлердің бірі журналистерге төбелестің ота жасау бөлмесінде емделуші болмаған кезде орын алғанын айтқан.
Қытайлық қолданушылар болса төбелестің ота жасау үстіне болғанын айтуда.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Ауқымды жөндеу жұмыстарынан кейінгі Бәйтерек қандай болады?
Қайрат Нұртастың "әйелі" отбасы туралы бар шындықты жайып салды
Қанат Исламның кезекті қарсыласы рейтинг бойынша өзінен тоғыз саты жоғары тұр
Тікелей эфирде студияға кіріп келген ит тележүргізушіні шошытып жіберді (фото, видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1498063-ota-zhasap-zhatqan-satte-zhagha-zhyrtysqan/