Рамзан Қадыровтың балалары бір жылда Путиннен көп табыс тапқан
Опубликовано:
Шешенстанның 40 жастағы басшысы Рамзан Қадыров балаларының бір жылда қанша табыс тапқаны жарияланды.
Бұл туралы cosmo.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
Рамзан Қадыров жұбайы Мединамен бірге 9 бала тәрбиелеп отыр. Шешенстан билігі жариялаған декларацияда Қадыров балаларының да табысы көрсетілген.
2016 жылы Рамзан Қадыров 11 млн рубль табыс тапқан. Бұл өткен жылғы табысынан екі есе көп.
Қадыровтың кәмелетке толмаған екі баласының әрқайсысы 10 млн рубльден тапқан. Декларацияда олардың аты көрсетілген жоқ. Бұл Путиннің өткен жылғы табысынан да көп. Ресей президенті 8,9 млн рубль табысы барын айтқан болатын.
Шешенстан басшысының үлкен қызы Айшат өзін дизайнер қызметінде сынап жүр. Ол өзінің сән үйін ашып алды.
Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз
⇓⇓⇓
Тағы оқыңыздар:
Түркияның ең сұлу актрисасы Канн кешінде елді өзіне қарата алмай қойды (фото)
Белгілі тележүргізуші Мейвезерді Головкиннен аулақ жүруге шақырды
Елімізге танымал отбасы келін түсірмекші (видео)
ОҚО-да төрт балалы отбасы өзге ұлттың бес баласын асырап алмақшы фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1503021-ramzan-qadyrovtynh-balalary-bir-zhylda/