Қырғыздардың бас мүфтиі католик шіркеуінде азан шақырды (видео)

Опубликовано:

Қырғызстан мұсылмандар діни басқармасының бас мүфтиі Мақсат қажы Тоқтамысов АҚШ-қа сапары кезінде католиктер шіркеуінде азан шақырды деп хабарлайды muftyat.kz.

Айыр қалпақты ағайындардың бас мүфтиі сәур айының бас кезінде АҚШ Мемлекеттік департаментінің шақыртуымен діни тәжірибе алмасу және диалог орнату жөніндегі шара аясында болып қайтқан екен.

Алайда, оның Атлант мұхитының ар жағындағы алып елдің католиктер шіркеуінде азан шақырып қайтқаны енді белгілі болып отыр.

Оның шіркеу қызметкерлерімен келісіп барып қана азан шақырғанын айта кету керек.

Тағы оқыңыздар: Шымкенттік бизнес: Жетісайлық жігіттер қыздардың санына "шпор" жапсыруды үйретеді (фото)

"Ол іс-шара бағдарламасында қарастырылғандықтан азан шақырды. Яғни, діни ұйымдардың өкілдері өз діндерінен бір нәрсе көрсетуі тиіс болатын. Азан намазға шақыру болғандықтан таңдадық", - деп айтылған мүфтият түсініктемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1509208-qyrghyz-muftii-katolik-shirkeuinde-aza/

jitsu gif