Студент қыздарға ашық-шашық киінуді ұсынған оқу орны жұртты дүрліктірді

Опубликовано:

девушки на фоне заката
Фото: Depositphotos

Брюссель еркін университетінің басшылығы студенттерге ашық-шашық киінуді ұсынамын деп басы бәлеге қалды. Бұл туралы NUR.KZ порталы bagnet.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғары оқу орнынан биология факультетінің барлық студенттеріне оғаш хабарлама келген. Онда бітіру кешінде студент қыздар қысқа белдемше мен кеудесі жартылай ашық жейде киюі тиіс екені, ал жігіттер костюммен келуі керектігі айтылған.

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі мұсылмандар саны үш миллиардқа жетіп қалды

"Біз қыздарға дәл осылай киініп келуге кеңес береміз. Әрине, бұл тек өтініш қана. Ал жас жігіттер костюм кигені абзал", - делінген оқу орнының өкілдері таратқан хабарламада.

Түлектер болса, бұл хабарламадан кейін университет қызметкерлеріне шағымын жаудырған.

Тағы оқыңыздар: Ауызашар кезінде көлігін алмаған жүргізуші опық жеді (фото)

"Әйелдерге ешкім қалай киіну керектігін бұйыра алмайды", - делінген студенттердің арызында.

Факультет деканы оқу орнының хатшылары таратқан хатты алғаш көріп тұрғанын алға тартып, студенттерден кешірім сұрады.

"Бұл енді қайталанбайды. Біз гендерлік тепе-теңдікке немқұрайлы қарамаймыз", - деп ақталды декан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1509613-studentterge-ashyq-shashyq-kiinudi-usyn/

jitsu gif