Әлемдегі мұсылмандар саны үш миллиардқа жетіп қалды

Опубликовано:

PEW зерттеу орталығы жақында ғана әлемдегі ең үлкен діндер туралы зерттеу нәтижесін жария етті. Зерттеу қортындысы бойынша Ислам қазір әлемде ең жылдам таралып жатқан дін болып саналады. Бұл туралы «Парс.Ақпарат» агенттігінің ресми сайты хабарлап отыр.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес 2010 жылғы санақ бойынша әлемдегі мұсылмандар саны 1 млрд 599 млн 700 мың адам болып, әлемдік дін өкілдерінің 23 пайызын иелеген. Бұл көрсеткіш қазірге дейін 1,2 пайызға артты.

Тағы оқыңыздар: Жаңа клип түсірген КешYou ресейлік блогердің жарнамасын көшірген болып шықты

Осыған қарағанда 2050 жылға барғанда әлемдегі мұсылмандар саны 2 млрд 761 млн 480 мың адамға жетіп, әлем тұрғындарының 29 пайызын иелейді деп күтілуде.

Аталған зерттеу қорытындысы бойынша 23 жылдан кейін мұсылмандар саны мен христиандар саны жақындай түспек. Сондай-ақ, осы нәтиже бойынша 2050 жылға барғанда Ислам АҚШ-тағы екінші үлкен дінге айналады делінген.

Дереккөз: Muslim.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1509681-alemdegi-musylmandar-sany-ush-milliar/