Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күтпеген жерден гүлге оранған әлемдегі ең құрғақ шөл көпшілікті таңырқатты

Опубликовано:

Әлемдегі ең құрғақ саналатын Чилидегі Атакама шөлі қыста тоқтаусыз жауған жаңбыр салдарынан гүлге оранды. Чилиліктер мен бүкіл әлем ғалымдары үшін бұл күтпеген жағдай.

Ғалымдардың айтуынша, мұндай жағдай бұрын да орын алған. Мәселен, 2015 жылы қазанда толассыз жауған жаңбырдан соң Атакама шөлі 200 түрлі гүлге толды.

Тағы оқыңыздар: Өзін-өзі атып өлтірген Жампозов бюджет ақшасын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды

Атакама Ұлттық туризм қызметінің басшысы Даниэл Диастың айтуынша, орын алған құбылыс әлемдік климаттың өзгеруінің салдарынан.

Атакама 400 жылдам астам уақыт бойы әлемдегі ең құрғақ шөл болып саналып келеді. Бұл жерде елеулі жауын-шашын байқалмаған.

Бұндай құбылыс адамзат тарихында екінші рет тіркеліп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1599081-kutpegen-zherden-gulge-oranghan-alemde/