Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзбекстан билігі 10 жыл бойы түрмеде азаптап ұстаған саяси тұтқынды босатты

Опубликовано:

3 қазанда Өзбекстан билігі түрмеде он жылдан астам уақыт отырған құқық қорғаушы Азам Фармоновты бостандыққа шығарды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

Оған кесілген жаза бойынша, ол абақтыда әлі төрт жыл отыруы тиіс болған. Құқық қорғаушының әйелі Озода Якубовтың хабарлауынша, оның күйеуі түрмеден үйге қайтып келе жатыр.

Былтыр штаб пәтері Берлинде орналасқан «Өзбек-Герман Форумы» ұйымы Фармонов жайында фильм түсірген. Онда Озода Якубова күйеуінің түрмедегі қасіретті өмірі жайында айтқан.

Тағы оқыңыздар: Қанша адамды құтқаратын еді: Әріптестері ұшақ апатынан қаза болғандар туралы айтып берді

Азам Фармонов он жылдан астам Қарақалпақстанның «Жаслык» колониясында отырды. Осы жылдар арасында оған бірде-бір рақымшылық жасалмады.

БҰҰ-ның арнайы баяндамашысы Ахмед Шахидтің Өзбекстанға барған сапарынан кейін, Азам Фармоновты босатқанын айта кету керек. Оның сапары 12 қазанға дейін жалғасады.

39 жастағы Азам Фармонов бопсалаушылықпен айналысты деп сотталған. 2006 жылы өзбек соты оны 9,5 жылға түрмеге жапты. Құқық қорғаушылар оған қатысты істің саяси астары бар екенін мәлімдеген. 2016 жылдың мамыр айында жазасын өтеу мерзімі аяқталар алдында, Азам Фармоновқа тағы да 5 жыл және 26 күн қосқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1637154-ozbekstan-biligi-10-zhyl-boyy-turmede-aza/

pixel