Алғашқы метро ХІХ ғасырда салынған
Опубликовано:
Әлемдегі ең бетке ұстар метро ретінде Британия астанасы Лондонның жерасты жолаушы тасымал жолдары аталады.
Ол – екі бірдей рекордтық көрсеткішке ие: қазіргі кезде ең ауқымды қашықтықты қамтитын (404,8 шақырым) және әлемдегі ең көне (құрылысы 1863 жылы басталған) метро.
Бірақ Қытай астанасы Пекиннің соңғы қала жобасы бойынша метро жолдары 480 шақырымға дейін ұзартылуы керек болатын.
Сондай-ақ АҚШ-тың Нью-Йорк қаласының метросының да жалпы ұзындығы 400 шақырымнан асады. Ал Мәскеу метросы жолаушы тасымалдау бойынша әлемде алғашқы орында тұр: бір жылда 3,2 млрд жолаушы тасымалы жүзеге асырылады, жалпы көлемі 284,8 шақырымды қамтиды.
Франция астанасы Париж қаласының метро жолдары – 213,92 шақырым, Испанияның Мадриді – 236 шақырым, Токио – 282, Сеул – 287. Ал Алматы қаласына келсек, қала әкімдігі жерасты жолаушы тасымалының жолын әлі де ұзарту мәселесін жоспарлап жатыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/164631-algashky-metro-hih-gasyrda-salyngan/