Атышулы Гүлнар Кәрімова жақын күндері тағы да сотқа тартылмақшы
Опубликовано:
Бес жылға бас бостандығы шектелген Гүлнар Кәрімова жақын күндері тағы да сотқа тартылмақ деп хабарлайды КТК арнасы.
Өзбекстанның экс-президенті Ислам Кәрімовтың басынан бақ тайған қызы туралы жаңа деректер Швейцария прокуратурасының ел үкіметіне жолдаған сауалынан соң анықталып отыр.
Себебі, Швейцарияның федеральдық прокуроры келесі аптада Ташкентке келіп, Гүлнармен жолығуды жоспарлаған екен. Бірақ Өзбекстанның құзырлы орындары өтініштің орындалмайтынын, өйткені жақын арада Кәрімованың ісіне қатысты сот отырысы басталатынын айтыпты.
Естеріңізге салсақ, осыдан бес жыл бұрын Швейцарияда сыбайлас жемқорлық пен ақша жымқыруға қатысты қылмыстық іс қозғалып, Өзбекстанның алты азаматы күдікке ілінген.
Сол дау барысында Кәрімованың да швейцариялық банктегі 800 миллион доллардан астам қаржысы бұғатталған еді.
Сондай-ақ өткен жазда Өзбекстанның Бас прокуратурасы марқұм президенттің қызын қаржы жымқыру мен бопсалауға қатысы бар деп, бес жылға бас бостандығын шектеген болатын.
Тағы оқыңыздар:
2018 жылы елімізде зейнетақы мөлшері қалай өзгереді?
Алматыда жаппай төбелес бастаған автобус жүргізушісі мен кондуктор ұсталды
Бердібек Сапарбаев: Шығыс, оңтүстік деп бөлінуді қою керек
"Nursultan Nazarbayev": Әуе билеттерінде елбасының есімі жазылатын болды
Астаналық алаяқ жігіт өзі сатқан көлікті қайта ұрлап кетіп байымақшы болған
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1662508-atyshuly-gulnar-karimova-zhaqyn-kunder/