Қытайлықтар тарихта тұңғыш рет адамның басын ауыстырып тастады
Опубликовано:
Қытайда алғаш рет адамның басын ауыстыру отасы жасалды. 18 сағатқа созылған ота сәтті өткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы kabarlar.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ота әзірге тек мәйітке жасалған. 18 сағаттық ота барысында бел омыртқа, жүйке және қан тамыры жүйелерінің жұмысы қалыпқа келтіріледі. Италиялық нейрохирург Серджо Канаверо Венада өткен баспасөз жиынында адам денесіне жасалған басты ауыстыру отасының сәтті өткенін мәлімдеді.
Канаверо жақын арада мұндай ота тірі адамға жасалатынын айтуда. 2016 жылы нейрохирург басты ауыстыру отасынан кейін тіршілігін жалғастырған иттер мен тышқандарды көрсетіп, отаны адамға жасау мүмкіндігі барын алға тартқан еді.
Нәтижесінде ауыр дертке шалдығып, арбаға таңылған ресейлік азамат алғаш болып басты ауыстыру отасынан өтуге дайын екенін мәлімдеген.
Жақын арада оның басы өзге азаматтың денесіне жалғанатын болады. Алайда бұл отаның сәтті өтеріне ешқандай кепілдік жоқ.
Тағы оқыңыздар:
Қазақстандық клубтың экс-футболшысы ойын үстінде көз жұмды
Астана тұрғындарын «суық» деген Айқын Төлепберген халықтың ашуына тиді
Павлодарда қомақты пара алды деген күдікпен ұсталған шенеунік қамауға алынды
Жанар Айжанова: Баламыздың қайда, кіммен, қандай адамдармен жүргенін білмейміз
"Барлығы теріс айналды": Алматы облысында батыр ана жетінші сәбиін моншада босанды (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1681746-adamzat-tarikhynda-alghash-ret-adamnynh-b/