Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көлікте жыныстық қатынасқа түскен 15 жастағы ару қаза болды

Опубликовано:

Ресейдің Земетчино ауылында 15 жастағы қыз 19 жастағы сүйіктісімен көлікте интимдік қатынсақа түсіп жатып, газдың иісіне уланып қайтыс болды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Жастар гараждың ішінде тұрған Lada Priora маркалы көлігінде жыныстық қатынасқа түсіп жатқан. Көлікжайдың есіктері де жабық қалыпты. Олар жылынып отыру үшін көлікті оталдырып қойған көрінеді.

Тергеушілер көлік ішінде болған азаматты кәмелет жасына толмаған қызбен жақындасты деп айыптап деп отыр.

«Біраз уақыт өткен соң қыз бен жігіт өздерін жайсыз сезіне бастайды. Күдікті оталып тұрған көлігін дереу өшіріп, сыртқа шықпақ болғанда есінен танып қалған. Аздаған уақыттан кейін есін жиып, гараждан шығады», - дейді мамандар.

Күдіктінің туыстары жағдайды көре сала жедел-жәрдем шақырған. Алайда медициналық көмек келгенде қыз өлі табылды.

Енді 19 жастағы жігіттің үстінен Ресей заңнамасына сәйкес, «кездейсоқ жағдайда адам өлтіргені үшін» және «16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түскені үшін» қылмыстық іс қозғалуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1709814-klikte-zynystyk-katynaska-tsken-15-zastagy-aru-kaza-boldy/

pixel