Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейдің танымал композиторы өмірден озды

Опубликовано:

Кеңес одағы және Ресей композиторы Владимир Шаинский 93 жасқа қараған шағында өмірден озды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Композитордың өмірден өткені туралы ұлы Вячеслав Шаинский мәлімдеген.

Владимир Шаинский 1925 жылдың 12 желтоқсанында дүниеге келген. Балалар композиторы танымал композицияларды жазған. Олардың қатарында: "Трое против Марабука" балалар операсы, "Аз, Буки, Веди", "Путешествие Нильса", "Восьмое чудо света", "Лифт", "Джельсомино и пираты", "По сказкам и континентам", "Рэкет", "Жених для приданного" мюзиклдері бар.

Балалар композиторы 400-ге жуық ән жазған. Олардың арасында Чебурашка мен Крокодил Гена туралы мультфильмге арналған музыка, "Когда мои друзья со мной", "Облака", "Песенка мамонтенка" және "Чунга-Чанга" әндері бар.

2000 жылға дейін композитор Мәскеуде тұрып, жұмыс істеген. Кейіннен Израильге, артынан АҚШ-қа көшіп, сонда тұрақтап қалған. Оның екі ұл, бір қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1709875-resejdi-tanymal-kompozitory-mirden-ozdy/

pixel