Жолаушыға лық толы автобус құздан құлап кетті (фото)
Опубликовано:
Перуде шамамен 50-ге жуық адам құздан құлап апатқа ұшыраған автобус салдарынан қайтыс болды деп хабарлайды батыстық басылымдарға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елдің солтүстік бөлігінен Лимаға қарай қозғалып келе жатқан автобустың ішінде 53 жолаушы, сонымен бірге кондуктор мен жүргізуші де болған.
Оқиға орнына жеткен полиция мен жедел жәрдем қызметтері зардап шеккендерді жуық маңдағы ауруханаларға орналастырған. Автобус құздан құлап, ондағы жолаушылардың барлығы дерлік қайтыс болған.
Апат ел арасында "Шайтан бұрылыс" деп аталып кеткен маңда орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша автобус жүк көлігіне соғылған болуы мүмкін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1710659-zolausyga-lyk-toly-avtobus-kzdan-klap-ketti-foto/