Бет-аузын жүн басып кеткен бойжеткен өз бақытын тауып, тұрмысқа шықты
Опубликовано:
2010 жылы Гиннестің рекордтар кітабына "әлемдегі ең түкті жасөспірім" ретінде енген Тайланд тұрғыны Супатра Сасупфан тұрмысқа шықты. Бұл туралы metro.co.uk сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

17 жастағы бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында "өмірлік махаббатымды таптым" деп, тұрмысқа шыққанын айтқан.
Сасупфан сирек кездесетін "Амбрас синдромы" дертіне шалдыққан. Осы уақытқа дейін дүние жүзінде мұндай аурумен 50-ге тарта адам тіркеліпті.
Тайландтық бойжеткен аурумен күресу үшін емделіп те, лазерлік депиляция жасатып та көрген. Алайда барлық әдіс нәтиже бермепті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1710857-bet-auzyn-zn-basyp-ketken-bojzetken-z-bakytyn-tauyp-trmyska-sykty/