Әлемдегі ең бақытты халықтың кімдер екені анықталды
Опубликовано:
БҰҰ әлемдік рейтинг жасап жер бетіндегі ең бақытты халықты анықтады. Рейтингтегі нәтижеге сүйенсек ең бақытты жандар Норвегияда тұрады екен деп хабарлайды segodnya.ua порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымдардың зерттеуінше норвегиялықтардың бақытты өмірінің құпиясы үйде аз отырып, табиғатта көбірек серуендеуде екен.
"Біз көшеде серуендеп, орманға барып, табиғатпен тілдескеннен ләззат аламыз", - дейді тұрғындардың бірі.
Айта кетейік, Норвегияда орташа айлық шамамен 4 мың еуроны құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1711432-lemdegi-e-bakytty-halykty-kimder-ekeni-anyktaldy/