Оқушысымен мектепте төсек қатынасына түсіп келген ұстаз масқара болды (фото)
Опубликовано:
АҚШ-тың жоғарғы мектебінде ұстаздық ететін 30 жастағы Валерия Костадони оқушымен екі жыл бойы мектеп қабырғасында төсек қатынасына түсіп келген. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Белгілі болғандай, ол 16 жасқа толмаған оқушымен әлеуметтік желі арқылы байланысқа шығып, кейін төсек қатынасына тартқан.

Нәтижесінде дәл мектеп қабырғасында екі жыл бойы оқушысымен жасырын жыныстық қатынасқа түсіп келген әйел қылмыс үстінде ұсталып қалады.

Оқушысы мұғаліммен мектептен бөлек оның көлігі мен жатын бөлмесінде де төсек қатынасына түскенін баяндап берген.

Тіпті мұғалімін өз еркімен үйіне шақырып, төсектес болғанын да мойындап отыр. Бүгінде оқушыны азғырған ұстаз қамауға алынған. Тергеу жүргізілуде.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1711449-okusysymen-mektepte-tsek-katynasyna-tsip-kelgen-staz-maskara-boldy-foto/