Өзбекстандағы халық саны 33 миллионға жақындап қалды
Опубликовано:
2017 жылы Өзбекстанның халық саны жарты миллион адамға өсіп, 2018 жылдың басында 32 млн 653 мың адамға жеткен. Бұл туралы Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ жазады.

Атап айтқанда, 2018 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Өзбекстанның тұрақты халық саны 32 млн 653,9 мың адамды құраған және 2017 жылы 533,4 мың адамға (1,7%) көбейген.
Қаладағы халық саны 16 млн 533,9 мың адам (немесе 50,6%), ауыл халқының саны 16 млн 120 мың адам (49,4%) болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1712139-zbekstandagy-halyk-sany-33-millionga-zakyndap-kaldy/