Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір-бірлерінің 7-8 жастағы қыздарына үйленген сектанттар жұртты шошытты

Опубликовано:

Екі сектант бір-бірінің 7 және 8 жасар қыздарына үйленіп, жұртты шошытты. Бұл аздай өзге дін табынушыларының бірі кәмелетке толмаған балаға сексуалдық зорлық-зомбылық көрсеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Аталмыш ағым заңдары бойынша бірнеше әйел алуға рұқсат етілген екен. Осыған сүйеніп, бір-бірінің қыздарын жар еткен достар өз арасында "пайғамбар" болып жүрген көрінеді.

Сектант Джонның бұрынғы әйелі полицияға төрт баласының жоғалып кеткенін айтып шағымданады.

Тәртіп сақшылары Джонды өз пәтерінде тұтқынға алды. Бірақ онда кішкентай балалар болмай шығады. Осыдан кейін полиция қызметкерлері Лунданың шет жағындағы ауылдардан іздестірген.

Ол жердегі сектанттар орталығынан тек екі бала ғана табылыпты. Тексеру барысында Сэмуэльдің екі қызды мұздай су құйылған бөшкелерге салып, отырғызып қойғаны анықталды.

Кішкентайлар су құйылған бөшкінің ішінде бір тәуліктен астам уақыт нәр татпай отырған. Қазір оларды ауруханаға жеткізіп, денсаулығын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1712258-bir-birlerini-7-8-zastagy-kyzdaryna-jlengen-sektanttar-zrtty-sosytty/

pixel