Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Суретке түсіп қалған баланың елесі елді шошытты (фото)

Опубликовано:

Шотландияда көл жағалауында суретке түскен қыздар белгісіз баланың бейнесін көріп шошып кетті. Ол суға батып өлген сәбидің елесі болып шықты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Twitter жілісінде Холли атты қолданушы өз құрбыларымен түскен суретін былтырғы жылдың шілде айында жариялайды. Алайда ондағы қыздардан оқшауланып түскен кішкентай баланы бұқаралық ақпарат құралдары енді ғана байқапты.

Белгілі болғандай сәби бірнеше жыл бұрын көлге батып қайтыс болған екен. Өздерімен бірге суретке түскен баланың кім екенін алғашында түсінбей, кейіннен білген әлгі қыздар қатты шошып қалыпты.

"Мен мына қорқыныштан енді ешқашан ұйықтай алмайтын сияқтымын", - дейді Холли.

Дегенмен Холли айтып бреген оқиғаға кей адамдар сенбей отыр. Олар суреттегі бала фотошоптың нәтижесінде пайда болған дегенді алға тартуда.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1712962-suretke-tsip-kalgan-balany-elesi-eldi-sosytty-foto/

pixel