Головкин мен Альварес арасындағы реванш мамыр айында өтетін болды
Опубликовано:
WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы реванш бесінші мамыр күні өтетін болды. Бұл туралы Vesti.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қос боксшы келісімшартқа қол қойған. Алайда жекпе-жектің қай қалада өтетіні әзірге белгісіз.
Әлеуметтік желіде GGG мен "Канело" ел асыға күтіп отырған жекпе-жектің өтетінін ресми түрде мәлімдеген.
Еске сала кетсек, Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өтіп, тең аяқталды. Осылайша отандасымыз WBC, WBA (Super), IBF және IBO белбеулерін сақтап қалған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1714103-golovkin-men-alvares-arasyndagy-revans-mamyr-ajynda-tetin-boldy/