Мелания Трамп порноактриса үшін көзіне шөп салған күйеуіне өкпелеп қалды (фото)
Опубликовано:
Соңғы уақытта АҚШ президенті Дональд Трамп ұятсыз фильмдерге түсетін актрисамен әйелінің көзіне шөп салғаны туралы жиі айтылып жүр. Мұндай ауыр соққыны көтере алмаған Мелания Трамп жан жарасын жазу үшін Флоридадағы Мар-а-Лаго жекежайына кетіп қалды деп хабарлайды woman.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

71 жастағы Дональд Трамп пен 47 жастағы Мелания Трамптың арасына сызат түсірген ұятсыз фильмдерге түсетін актриса Сторми Дэниелс әңгімесі болды. Ол 2006 жылы президент жары жүктіліктің соңғы айында жүрген уақытта бірнеше түнді онымен бірге өткізгенін мәлімдеген еді.


Күйеуінен мұндайды күтпеген Мелания оған қатты ренжіп, Швейцариядағы экономикалық форумға бірге барудан бас тартты. Ал өзі Флоридадағы Мар-а-Лаго жекежайына демалуға кеткен.


Халықаралық басылымдар мәліметіне сүйенсек, АҚШ-тың бірінші ханшайымы қазір өз-өзіне келу үшін түрлі емдік шаралар қабылдап жатыр. Алайда ол жақын күндері Вашингтонға лоралып, Ақ үйде жарымен бірге маңызды жиын өткізуі тиіс екен.


Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1714466-melania-tramp-pornoaktrisa-sin-kzine-sp-salgan-kjeuine-kpelep-kaldy-foto/