Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сүйіктісіне ақшадан жасалған гүл шоғын сыйлаған қыз жұртты таңғалдырды (фото)

Опубликовано:

20 жасар Бангкок студенті 25 жастағы жігітіне қытай валютасымен есептегенде үш мың доллар ақшадан жасалған гүл шоғын сыйға тартты, деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Пиласлак сүйіктісінің туған күні мен 14 ақпандағы ғашықтар күнінде естен кетпес нағыз ер азаматқа арналған сыйлық жасайтынын алдын ала айтады.

Қыз өзінің таныс гүл өсіруші әйелге хабарласып, оған қолма-қол үш мың долларды құрайтын ақшаны әкеп береді. Арнайы ақшадан дайындалған гүл дайындауын тапсырады.

Және алдын ала музыканттармен келісіп, «Туған күніңмен» әніне тапсырыс береді.

«Туа қымбат сыйлықтарға аса қызыға бермейді. Бірақ мен оған ерекше сый әзірлегім келді. Оның достары қатты таңғалды. Олар да сүйіктілерінен осындай ғажайып сыйлық алғылары келетін болар деп ойлаймын. Туаның достары мені ең керемет қыз деп атады», - дейді үш мың доллардан гүл себетін жасаған қыз.

20 жасар студент қыз осылайша жігітіне тосын сый дайындап, оны ерекше жағдайда тапсырады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1717047-sjiktisine-aksadan-zasalgan-gl-sogyn-syjlagan-kyz-zrtty-tagaldyrdy-foto/

pixel