Өмір бойы соқыр болуды армандаған әйел өз көзін зақымдап тастады
Опубликовано:
Солтүстік Каролина тұрғыны Джевел Шупинг өмір бойы соқыр болуды армандап келген. Ақыры ол 30 жасқа толғанда бұл арманын жүзеге асырды. Бұл туралы NUR.KZ порталы lemurov.net сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алты жасында Джевел көзін жұмып жүруге әуестене бастайды. Ол көзі көрмесе өзін әлдеқайда жайлы сезінетінін түсініп, мектеп кезінде Күннің көзіне ұзақ уақыт тіке қарауды шығарады.

Осылайша Джевел тезірек соқыр болып қалудан үмітті болған.

Ал есейгенінде қара көзілдірік киіп, қолына таяқ алған әйел көшеде өзін соқыр адам ретінде ұстайтын болыпты.

Шупинг ертелі-кеш зағиптардың қатарына қосылу арманын жүзеге асыруды мақсат етеді. Сол үшін, тіпті Брайль қарпін жаттап, көз жанарына кері әсер ететін дәрілер тамызуға кіріседі.

Алайда бұл еш нәтиже бермегесін, әйел психологқа жүгінген. Психолог болса, оған көзіне құбыр тазалайтын сұйықтық құюға кеңес берген. Тіпті әйелдің көзіне әлгі сұйықтықты өзі тамызып, "қол ұшын созған" маман жазасыз қалды.

Себебі, Шупинг көз жанарынан айырған психологтың кім екенін айтудан түбегейлі бас тартқан.

Дәрігерлер әйелдің көз жанарын қанша құтқаруға тырысқанымен, Джевел ақыры соқыр болып қалады.

Ол өзінің енді ғана бақытты екенін алға тартуда. Ал әйелдің анасы мен әпкесі бұл шындықты бастапқыда білмеген. Олар Джевел оқыс жағдай салдарынан көз жанарынан айырылып қалды деп ойлап келіпті.

Алайда әйелдің өтірігі әшкере болып, жақындары онымен араласуын доғарады. Дәрігерлер болса, Шупинг писхикалық дертке шалдыққан деп топшылады.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1717136-mir-bojy-sokyr-boludy-armandagan-jel-z-kzin-zakymdap-tastady/