Мас келіншек қайтыс болған үш айлық қызын дәрігерлерге қаратпақ болды
Опубликовано:
Ресейдің Донецк қаласында тұратын әйел тіл тартпай кеткен үш айлық нәрестесін дәрігерлерге қаратуға алып келген. Әйелдің мас күйде болғаны анықталды. Бұл туралы NUR.KZ порталы bloknot-rostov.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 15 ақпан күні болған. Белгілі болғандай, әйел ғашықтар күнін құрбысымен бірге тойлатыпты. Қатты ішіп алған келіншек таңертең үш айлық баласын тамақтандырмақ болады.
Алайда баласы қозғалыссыз жатқан. Кейін түскі 11-де тағы да қызына тамақ беруге тырысқан ана оның тыныстамай жатқанын байқайды. Ол баласының жансыз денесін дәрігерлерге қарату үшін алып барған.
Дәрігер қайтыс болғанына бірталай уақыт өтіп кеткен нәрестені көріп, есеңгіреп қалған. Ол баланың мәйіті бұзыла бастағанын да байқапты. Нәрестенің денесі сот-медициналық сараптама жасату үшін мәйітханаға жіберілді.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1717365-mas-kelinsek-kajtys-bolgan-s-ajlyk-kyzyn-drigerlerge-karatpak-boldy/