Нәрестені ұрып жатқан бала күтуші бейнекамераға түсіп қалды
Опубликовано:
Ресейде 31 жастағы бала күтушінің қатыгез әрекеті әшкере болды. Әйел балақайды ұрып жатқан сәтінде жасырын бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бұл туралы NUR.KZ порталы Vesti.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сегіз айлық нәресте тамақ ішуден бас тартқаны сол-ақ еді, ашушаң бала күтуші оны шапалақпен ұрып, мұрнын жұлмалап, диваннан құлатуға кіріскен.
Балаға қол көтерген әйел енді бұл қылығы үшін үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Нәрестенің ата-анасы баласының мінезі өзгере бастағасын, бала күтушіден күдіктене бастайды. Олар жасырын бейнебақылау камерасын орнату арқылы шындықтың бетін ашқан.
Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1717386-nresteni-ryp-zatkan-bala-ktusi-bejnekameraga-tsip-kaldy/