Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тірідей көмілген әйел 11 күн бойы қабірден шыға алмай қиналған (фото)

Опубликовано:

37 жастағы Бразилия тұрғынын дәрігерлер өлді деп хабарлаған соң, жақындары оны жер қойнына тапсырады. Алайда тірідей жерленген әйел 11 күн бойы қабірден шыға алмай, адамдарды көмекке шақырыпты деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Розангела сепсистік шок алдып, ауруханада жатқан. Бірнеше күннен кейін дәреігерлер оның қайтыс болғанын хабарлап, жақындары әйелді сол күні-ақ жер қойнына тапсырады.

Белгілі болғандай, медицина қызметкерлері қателескен екен. Әйел 11 күн бойы қабірден шыға алмай қиналыпты. Ол айқайлап, қабірін ұрып адамдарды көмекке шақырған. Алайда қабір жанынан өткен жолаушылар оны естігенде қорқып, тезірек өтіп кетуге тырысыпты.

Осылайша, 11 күн өткен соң Розангеланың жақындары қабірді қайта қазып тексереді. Алайда әбден қапастан шығуға талпынған әйел ол кезде өліп қалған екен. Марқұмның қолдары көгеріп, тырнақтары сыныпты. Ал денесі әлі жылы күйін сақтап тұрған.

Аурухананың баспасөз хатшысы дәрігерлерден қателік кеткенін мойындап, марқұмның жақындарына барлық шығындарды өтеп беруге уәде етті.

Бізбен бөлісер қызықты әрі маңызды жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1717599-tiridej-kmilgen-jel-11-kn-bojy-kabirden-syga-almaj-kinalgan-foto/

pixel