Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арқасына қадалған пышаққа қарамастан алаңсыз отырған адам жұртты таңырқатты (фото)

Опубликовано:

Бразилияда ер адам арқасына қадалған суық қаруға қарамастан жедел жәрдемнің келуін күткен деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Басылымның жазуынша, Элионардо Насименто жергілікті барлардың бірінде отырғанда белігісіз адам келіп, жанжал шығарған. Нәтижесінде ер адам 22 жастағы жігіттің арқасына пышақ сұққан.

Таңғаларлығы Насименто өзіне сұғылған пышақты сезбей қалған. Ол тіпті денесіндегі ауырлықты да сезбегінін айтады. Жас жігіт тек куәгерлер айтқан кезде ғана арқасындағы пышақты байқаған.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Куәгерлер жедел жәрдемді бірден шақсыра да ол кешігіп жеткен. Ал сол уақыт аралығында ер адам ештеңе болмағандай емін-еркін отырыпты.

"Мен тіпті белгісіз адамның маған жақындап келгенін де сезбей қалдым. Кейін маған арқамда пышақ қадалып тұрғанын айтты. Мен есімнен танып қала жаздадым. Бірақ білгеннен кейін артық қимыл жасамай, сабыр сақтап отырдым", - дейді жігіт.
Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Оқиға орына жеткен полицейлер мен дәрігерлер ер адамның салқынқандылығына тәнті болған.

Ақ халаттылардың айтуынша, пышақ ер адамның ағзасын зақымдамағанның арқасында ол тірі қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1718048-arkasyna-kadalgan-pysakka-karamastan-alasyz-otyrgan-adam-zrtty-tayrkatty-foto/

pixel