Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетке шыққысы келмеген әйел өз үйінде асылып қалды

Опубликовано:

Өзбекстанның Әндіжан облысы Шахрихан ауданындағы медициналық бірлестіктің кадр бөлімінде істеген 55 жастағы Зульхумор Рустамова 20 ақпанда өз үйінде асылып қалған деп хабарлайды centralasian.org-қа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: centralasian.org
Көрнекі фото: centralasian.org: UGC

Қазір Рустемованың ісін прокуратура қарап жатыр.

"Әйелдің күйзеліске түскені немесе басқа себептермен суицд жасағаны әзірге белгісіз. Біз тексеру жүргізіп, хаттама толтырған соң істі прокуратураға тапсырдық", - деді милиция қызметкері.

Рустамованың туыстары әйелді мәжбүрлі түрде зейнетке шығарған соң, ол күйзеліске түсіп, асылып өлді дейді.

Марқұмның бұрынғы әріптесінің айтуынша, ол бас дәрігерге көпшіліктің көзінше зейнеткерлікке шыққысы келмейтінін айтқан. Бірақ бас дәрігер бөлінген бюджеттің шектеулі екенін мәлімдеп, Рустамованы зейнеткерлікке шығару туралы құжатқа қол қойған.

Республика заңдарына сәйкес, Өзбекстанда ер азаматтар 60 жаста, әйелдер 55 жаста зейнеткерлікке шығады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1718325-zejnetke-sykkysy-kelmegen-jel-z-jinde-asylyp-kaldy/

pixel