Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүкеннен сәл ғана алыстаған екі жасар қызды бейтаныс біреу ұрлап кетті

Опубликовано:

Үндістанның Мумбай қаласындағы бейнебақылау камераларының біріне екі жасар Фатима Ширанды ұрлап кеткен сәт түсіп қалған деп хабарлайды Вaq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әкесінен сәл ғана алыстаған екі жасар қызды ұрлап кетті
Әкесінен сәл ғана алыстаған екі жасар қызды ұрлап кетті: UGC

Онда балақай дүкеннен шыққан кезде бейтаныс біреумен қақтығысып қалады. Ал ер адам болса қызды түк болмағандай көтеріп, алып кеткен.

Қыздың әкесі оның далаға ойнауға шыққанын көреді. Кейін оны іздеп шыққанда таба алмай, айғайлап шақырған. Бірақ қызы келмейді.

«Фатима сыртта ойнап жүрді. Бірақ біз далаға шығып, оны шақырдық. Таппадық. Бірден полицияға хабарластық», - деді әкесі.

Полицейлер бейнебақылау камераларындағы жазбалар арқылы қылмыскерді 6 сағаттан кейін ұстады. 28 жастағы Сандип Парабтың неге мұндай қылмыс жасағаны әзірге белгісіз. Дәрігерлер қыздың денесінен ешқандай көгерген, ұрған іздерді таппады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1719086-dkennen-sl-gana-alystagan-eki-zasar-kyzdy-bejtanys-bireu-rlap-ketti/

pixel