Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Филиппинде басында "мүйізі бар" бала дүниеге келді (фото)

Опубликовано:

Филиппинде бас сүйегінің туа біткен ауытқуымен, медициналық тілмен айтқанда "энцефалоцеле" диагнозы бар нәресте дүниеге келді. Ауыр дерт кесірінен баланың басына мүйізге ұқсас ісік шыққан деп хабарлайды РИА Новости порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: dailymail.co.uk
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Бұл сырқат баланың ата-анасы үшін күтпеген жағдай болды. Себебі жүктілік кезінде дәрігерлер ешқандай аномалия байқамаған көрінеді.

Ісік бас миынан әлдеқайда алыс орналасқаны мен оған зақым келтірмейтіні белгілі болды. Қажетті ота жасалғаннан кейін нәресте тез-ақ жазылып кетеді дейді мамандар.

Фото: dailymail.co.uk
Фото: dailymail.co.uk: UGC

Айта кетейік, энцефалоцеле – бес мың шаққандағы бір балада ғана кездесетін бас сүйегінің сирек ауруы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1719867-filippinde-basynda-mjizi-bar-bala-dniege-keldi-foto/

pixel