Ұмытшақ ауруына шалдыққан әйел күйеуінің тастап кеткенін күнде естіп жылайды
Опубликовано:
Ресейдің Казань қаласында тұратын Вероника есімді әйел ауыр отадан кейін ұмытшақ ауруына шалдыққан. Ол күйеуінің тастап кеткенін күнде естіп жылайды деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әйел алдымен жарын жұмыстан келеді деп күтеді екен. Біраздан соң оның өзін тастап кеткенін біліп қайта қамығатын көрінеді.
Ауыр отадан кейін Вероника сал болып қалады. Оның аяқ-қолы істемей, біртіндеп есте сақтау қабілеті де нашарлайды.
Әйел дертке шалдыққанға дейінгі өмірін есте сақтап қалған. Алайда сал болып қалғаннан кейін күйеуінің тастап кеткенін ұмыта береді.

Өткен жылдың қараша айында азамат Вероникаға арагідік келіп тұрыпты. Ал қазір мүлдем жақындамайтын көрінеді.
Қазір әйел жүруді, сөйлеуді қайта үйреніп жүр. Оған анасы қамқор болып, сауығып кетуіне бар күш-жігерін салуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720312-mytsak-auruyna-saldykkan-jel-kjeuini-tastap-ketkenin-knde-estip-zylajdy/