Дүкенге барған 2 жасар қыз айнаның астында қалып қайтыс болды (фото)
Опубликовано:
АҚШ-тың Джорджия штатында аяқ киім дүкенін барған екі жасар қыз қайғылы оқиғаның құрбаны болып, қайтыс болды. Ифра Сиддик анасымен бірге аяқ киім алуға барып, оны киіп көріп тұрғанда, басына үлкен айна құлап кеткен деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жәбірленушіні дереу ауруханаға жеткізгенімен, ол ес жимастан мерт болған. Қайғылы оқиға орын алған дүкеннің жанындағы дүңгіршек иесі Латиша Кулпатрик әйелдің жылаған дауысы мен көмекке шақырып айқайлағанын естіп қалыпты.

"Бір заттың құлаған дауысын естідім. Содан кейін анасы айқайлап жылады. Барлығы есікке қарай жүгіріп барды. Бұл өте қайғылы жағдай. Анасы дүкенге бара жатып, қызынан айырылып қаламын деп ойламаған шығар", - дейді Латиша Кулпатрик.

Қаза болған қыздың отбасы дүкен иесіне қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етіп, тағы бір қайғылы жағдайдың алдын алуды өтінген. Іс бойынша тәртіп сақшылары тексеру жұмыстарын бастап кетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720319-dkenge-bargan-2-zasar-kyz-ajnany-astynda-kalyp-kajtys-boldy-foto/