Ұшақта тыр жалаңаш отырып порно-видео көрген жігіт жаға ұстатты (фото)
Опубликовано:
Ұшақта тыр жалаңаш отырып порно көрген жігіт жұрттың жағасын ұстатты. Куәгерлердің айтуынша, 20 жастағы студент қасында отырған адамдардан еш ұялмаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Маlindo Air ұшағы Куа-Лумпурдан жөнелген сәтте 20 жастағы жігіт киімдерін шешіп, ноутбуктан ұятсыз видео қарауға кіріскен.
Артынан стюардессаға тисе бастаған соң, наразы жолаушылар жас жігіттің қол аяғын байлап, борттан шығарып салмақшы болыпты.

Малайзиялық білім ордасының студенті ұшақ экипажының ескертуінен кейін киімін қайта киюге бекінеді. Алайда, жолаушының түсініксіз әрекеттері мұнымен тоқтамай, ол әжетханада стюардессаға тиісе бастаған.
Абырой болғанда, жолаушылардың біріккен әрекеті арқасында жігітті ұшу аяқталғанға дейін байлаулы күйде ұстаған көрінеді.

Дакка қаласына келген бетте жолаушылардың мазасын алған жігіт тұтқындалды. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталып кетті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720464-sakta-tyr-zalaas-otyryp-porno-video-krgen-zigit-zaga-statty-foto/