Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өзен жағасынан табылған 26 шабылған қол елдің зәресін алды

Опубликовано:

Хабаровск қаласы шетінен адамның үрейін туғызатын қапшық табылды. Оның ішінде 26 шабылған қол болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзен жағасынан табылған 26 шабылған қол елдің зәресін алды
Өзен жағасынан табылған 26 шабылған қол елдің зәресін алды: UGC

Қапшықтың жанынан бинттер мен бахилдер де табылған, сол себепті тергеушілер медициналық мекеме биоматериалдарды осында лақтырған деген болжам айтып отыр.

Құқық қорғау органдары анықтағандай, қолдардың бәрі шабылған. Саусақ іздері бойынша сараптама жасалды. Толығырақ ақпарат қатаң түрде құпия сақталады.

Полицейлер сол маңды зерттеп, тұрғындардан жауап алып жатыр. Жергілікті балықшылар күдік туғызатындай ештеңе байқамапты.

Кейінірек Ресейдің Тергеу комитеті осы дерекке қатысты мәлімет берді.

"Табылған биологиялық нысандардың (адам қолы) қылмысқа ешқандай қатысы жоқ, бірақ бұлай лақтырылуы заңға қайшы келеді. Тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", — делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720795-zen-zagasynan-tabylgan-26-sabylgan-kol-eldi-zresin-aldy/

pixel