Жамбасын үлкейту үшін бар жиған-тергенін жұмсаған ару отырудан қалды (фото)
Опубликовано:
Ұлыбританиялық бойжеткен 15 000 фунт стерлингті жамбасын үлкейту жөніндегі отаға жұмсап, азап шекті. Оның айтуынша, тым үлкен болып кеткен жамбасының кесірінен ол отырудан қалған деп хабарлайды батыстық басылымдарға сілтеме жасаған NUR.KZ.

17 жасынан бастап пластикалық ота жасауға әуестенген бойжеткен осы уақытқа дейін 200-ге жуық процедуралар жасаған. Оның айтуынша, ата-анасының тым қатал тәрбиесі оны мұндай қадамға баруға итермелеген.


Оның соңғы жасаған процедураларының бірінде қолындағы, саны мен ішіндегі майды алып, оны жамбасына салу керек болған. Дәл осы жайттан кейін ол мүлдем отыра алмай қалғанын айтады.


Енді ол бұрынғы қалпына келе алмай, әлек болып жүргенін айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1720862-zambasyn-lkejtu-sin-bar-zigan-tergenin-zmsagan-aru-otyrudan-kaldy-foto/