Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сотта куәгерді қаламсаппен өлтірмек болған сотталушының өзі ажал құшты

Опубликовано:

АҚШ-тың Юта штатында сот залында түсірілген жантүршігерлік видео жарияланды. Онда Crips көше бандасының мүшесі куәгерге шабуылдағаны, алайда арқасынан тиген оқтан құлап түскені көрінеді.

Сотта куәгерді қаламсаппен өлтірмек болған сотталушының өзі ажал құшты
Сотта куәгерді қаламсаппен өлтірмек болған сотталушының өзі ажал құшты: UGC

Сот орындаушы 25 жастағы Сиале Ангилауға оқ атуға мәжбүр болған, деп хабарлады The Sun.

Видеода адамдар сотталушыға "Тоқта, тоқта, тоқта!" деп айқайлағаны естіледі, алайда ол оны елемей, қолына қаламсап алып, куәгерге жүгіріп барады. Абырой болғанда, куәгер Сиаленің соққысынан қашып үлгерген.

Дегенмен, қаза болған жігіттің отбасының адвокаты офицердің үрейі ұшып кеткенін және күш қолданбауға да болатынын айтып отыр. Оның сөзіне қарағанда, сотталушыға үш оқ жерде жатқанда атылған. Сонымен қатар, сот залы полицейлерге толы болған.

Адвокат куәгерге бар болғаны қаламсаппен зақым келтірмек болған Сиалеге қарусыз тойтарыс беруге болатын еді деп есептейді.

Сиале қылмыстық топтың тергеуге алынған 17 мүшесінің бірі болған. Оларға қастандық және қарақшылық шабуыл жасады деген айып тағылды. Ол бұл іс бойынша соңғы айыпталушы болған екен, қалғандары 10–30 жылға түрмеге тоғытылыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1721398-sotta-kugerdi-kalamsappen-ltirmek-bolgan-sottalusyny-zi-azal-ksty/

pixel