Әлемге әйгілі ғалым дүниеден озды
Опубликовано:
Әлемге әйгілі британдық физик-теоритик Стивен Хокинг 76 жасқа келіп өмірден озды деп жазады Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ғалымның дүние салғанын оның туыстары да растады.
Британдық физик Кембридждегі өз үйінде қайтыс болған.
"Біз әкеміздің қазасына қатты қайғырып отырмыз. Ол - еңбектері әлі қаншама жыл өлмейтін атақты ғалым, әрі өте ерекше жан еді", - делінген балалары Люси, Роберт және Тимнің хабарламасында.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1721459-lemge-jgili-galym-dnieden-ozdy/