Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзінің іскенін жасанды кірпіктен көрген ару қатерлі дертке шалдыққанын байқамаған

Опубликовано:

19 жастағы Меган Баркер көзінің аяқ асты ісіп кетуін жасанды кірпік желімінің салдары деп ойлаған. Алайда, ауруханада оған қатерлі ісік диагнозын қойды деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Отаға дейін Меган ұзын шаш жалғап, жасанды кірпік жабыстыруды қатты жақсы көретін. Алайда, ауыр дерт кесірінен ол өзі үшін аса құнды болған нәрселермен қош айтысуға мәжбүр болды.

Бастапқыда, Меган көзінің ісіп кетуін ата-анасы жасанды кірпіктер салдары деп есептеген. Өйткені бойжеткен оларды күн сайын жабыстыруды әдетке айналдырса керек. Араға бір ай салып жасанды кірпік атаулысын ол тушьпен алмастырса да, ісік кетпей қойды.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Желтоқсан айында Меган Баркер дереу дәрігерлерге жүгінген.

Көз дәрігерлері бойжеткенге жөнді жауап бере аламаған көрінеді. Олардың тексерісі Меганның көру қабілетіне ешқандай зақым келмегенін көрсетті.

Мұндай көрсеткіштерге аң-таң болған бойжеткен Портсмуттегі Квин Александра ауруханасына аттанған. Ол жерде он сағат уақыт өткізген Меганға, дәрігерлер оның басында оссиферлеуші фиброма болғанын айтты.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

«Маған қатерлі ісіктің қатты зияны жоқ деген хабардан гөрі, басымды тақырлап тастау керектігі жаныма қатты тиді»,- дейді Меган.

Фото: life.ru
Фото: life.ru: UGC

Англияда жасалған 6 сағаттық операция сәтті өтті. Енді Меганға алыт айдай көлік айлауға және екі ай жұмыс жасауға болмайды. Оның алдағы арманы бұрынғы қолаң шашын қайта өсіру.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1721912-kzini-iskenin-zasandy-kirpikten-krgen-aru-katerli-dertke-saldykkanyn-bajkamagan/

pixel