Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Грузияда арқанжол үзіліп кетіп, адамдар секіруге мәжбүр болған

Опубликовано:

Грузияның Гудаури аймағында төтенше жағдай болып, арқанжол адамдарды жан-жаққа лақтырған деп хабарлайды Вaq.kz агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Грузияда арқанжол үзіліп кетіп, адамдар секіруге мәжбүр болған
Грузияда арқанжол үзіліп кетіп, адамдар секіруге мәжбүр болған: UGC

Гудаури курорттық аймағында арқанжолдың істен шығуы салдарынан он адам жарақат алды. Грузияның Ішкі істер министрлігі оқыс оқиғаның мән-жайын тергеуді бастап кетті.

Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, тау-шаңғы трассасындағы арқанжол апатты жағдайда тоқтап, кері бағытта қозғалған. Соның салдарынан он адам орташа дәрежедегі жарақат алды.

«Оқиға орнына шаңғы патрулінің қызметкерлері, жедел жәрдем бригадасы келді. Зардап шеккендер Гудауридағы амбулаторияға жеткізілді», - делінген ведомсвто таратқан хабарламада.

Грузияның тау курортын дамытатын компания өкілдері мемлекетпен бірлесіп, зардап шеккендердің шығынын толық өтейміз деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722029-gruziada-arkanzol-zilip-ketip-adamdar-sekiruge-mzbr-bolgan/

pixel