Өмір бойы улы жыландарды баптаған жігітті кобра шағып өлтірді
Опубликовано:
33 жастағы Әбу Зари Хуссин өзінің бүкіл өмірін улы жыландарды баптаумен өткізген. Аса қауіпті қызығушылығы кесірінен ол кобра уынан қаза тапты деп хабарлайды «Би-Би-Си»-ге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әбу Зарин Хуссин жылан шебері болуынан бөлек, өрт сөндіруші болып қызмет атқарған. Ол бірнеше жыланмен бір пәтерде өмір сүрді. Өзінің мұндай әрекетін ол, қауіпті жыландарды жақын түсіну үшін деп түсіндірсе керек.

Екі жыл бұрын шетелдік ақпарат құралдары оның өз жыланымен үйленгенін хабарлаған болатын. Алайда Әбу Зарин бұл ақпараттарды жоққа шығарды.
Әбу Зариy Хуссинді ең улы жыландардың бірі шақса керек. Ол ауруханада көз жұмды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722553-mir-bojy-uly-zylandardy-baptagan-zigitti-kobra-sagyp-ltirdi/