Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бала күтушісін өртеп жіберген ата-ана ұсталды (фото)

Опубликовано:

Лондон қаласында франциялық жұп өзінің 21 жастағы бала күтушісі Софи Лионені өлтіріп тастады. Олар оны бақшада өртеп жіберген деп хабарлайды lеnta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Жас қыздың күйіп қалған дене қалдықтары үйдің бағынан табылған. Сөне бастаған оттан еттің иісін сезген көршілер бірден полицияға хабарласқан.

Сабрина Куайдер мен оның сүйіктісі Киссем Медуни өздерінің екі баласының күтушісін дуалаушы, оның үстіне ұрлықшы деп күдіктенсе керек.

Оған қоса олар Софи Лионе Сабринаның бұрынғы күйеуімен сыбайлас деп ойлаған.

Фото: lenta.ru
Фото: lenta.ru: UGC

Белгілі болғандай, бастапқыда жас қызды қамап ұстап, аяусыз соққыға жыққан. Оның үстіне мүлдем тамақсыз қалдырған көрінеді. Софидің нақты неден өлгенін айту әзірге қиынға соғып тұр. Тексеріс жұмыстары аяқталған жоқ.

21 жастағы бала күтушісінің өліміне қатысты сот ісі әлі де жалғасып жатыр. Франциялық жұптың кінәсі расталса, оларды қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722669-bala-ktusisin-rtep-zibergen-ata-ana-staldy-foto/

pixel