Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Базарда ес-түссіз жатқан қызды зорлаған ер адам елді шошытты

Опубликовано:

Қырғызстанның құқық қорғаушылары жолда ес-түссіз жатқан қыздың зорланғаны көрініс тапқан видеоның қайда түсірілгенін анықтап жатыр.

Баарда ес-түссіз жатқан қызды зорлаған ер адам елді шошытты
Баарда ес-түссіз жатқан қызды зорлаған ер адам елді шошытты: UGC

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан агенттігі Бішкек ішкі істер бас басқармасының баспасөз хатшысы Әділ Омаровқа сілтеме жасап хабарлады.

Facebook желісінде "Ош базарында түсірілді" деген видеожазба таралып жатыр. Онда ер адам жол ортасында жатқан қызға сексуальдық сипатта іс-әрекет жасап жатқаны көрінеді.

Сыртқы белгілеріне қарағанда зардап шегуші ес-түссіз жатыр. Кадр сыртында бұл видеоны көлік ішінде отырып түсірген адамдардың күлкісі естіледі. Олардың кім екені белгісіз.

Әлеуметтік желі қолданушылары аталған деректі тергеуді талап етті. Кейбірі қыздың киіміне қарап үйсіз-күйсіз адам емес екеніне назар аударып, ер адам оны тұншықтырып тастауы мүмкін деп болжады.

"Ленин ауданының АІІБ видеоны қашан, қайда және кім түсіргенін анықтап жатыр. Бұл өткен жылы болған оқиға деген болжам бар, алайда анық-қанығы әзірге белгісіз", — деді Омаров.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1722735-bazarda-es-tssiz-zatkan-kyzdy-zorlagan-er-adam-eldi-sosytty/

pixel