Ресейде болған алапат өртке қатысты алғашқы болжамдар айтыла бастады
Опубликовано:
Ресейде болған алапат өртке қатысты алғашқы болжамдар айтыла бастады деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау батут тұрған жерге шырпы алып кірген кішкентай баланың ойынынан шығуы мүмкін. Тілсіз жау мың жарым шары аумақты күлге айналдырған.
Сондай-ақ бұл оқиға бойынша төрт адам ұсталып, сұралып жатыр. Арасында сауда үйінің басшылығы мен жалға алушылар да бар.
Еске сала кетейік, Кемерово облысындағы "Зимняя вишня" сауда және ойын-сауық орталығында болған өрттен қаза тапқандар саны 64 адамға жетті.
Қайғылы жағдайға байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев көңіл айтып, ресейлік әріптесіне жедел хат жолдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1723217-resejde-bolgan-alapat-rtke-katysty-algasky-bolzamdar-ajtyla-bastady/